Тараулар

priem-kz

doctor-kz

Баннерлер

gs kaz

minzdrav-kaz

akmol-zdrav-kz

egov kz

Ауа-райы

Хирургия бөлімшесі

Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі
1-санаттағы хирург дәрігер
Зеленый Геннадий  Владимирович
Хирургия бөлімшесінде Сіз ұйқы безі ауруларына, өт іркілетін қалта мен өт жолдары ауруларына, асқазанның және ұлтабардың ойықжара ауруларына байланысты мамандандың жоғары кәсіби көмегін ала аласыз.
Бөлімше хирургтері емдеудің заманауи әдістерін тамаша меңгерген. Мұнда ішперде қуысы органдарына эндохирургиялық оталардың бірқатары жасалады. Мәселен, шап жарығына, жіті соқыршекке, өтқалтаның жіті әрі хирургиялық асқынуларына, ішектің жабыспалы түйнегіне байланысты жасалатын оталар.

Науқастарға уақытылы күтім жасалуын және жоғары білікті көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге бөлімшенің орта білімді медициналық жұмыскерлермен 100% толықтырылғандығы мүмкіндік береді.
Бөлімшеде 8 мейірбике жұмыс істейді, олардан 2-еуі жоғары санатты, 4-еуі бірінші санатты және біреуі екінші санатты.
Бөлімшеде 16 палата бар, соның ішінде 1 ҚТП-палата, 2 гинекологиялық палата.
Бөлімшеде келесідей төсектер бар:

Тәулік бойғы, күндіз келіп емделетін, жалпы-хирургиялық, травматологиялық,
оңалтуға арналған, гинекологиялық,

Науқастың қалауы бойынша қолайлылығы жоғары палатада емделуге болады.
Қолайлылығы жоғары палатада төсек, тумбочка, тоңазытқыш және бөлек санторап бар.